Қазақ боксшылары Шанхай шаршы алаңында бақ сынайды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ боксшылары Шанхай шаршы алаңында бақ сынайды
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан қазақ былғары қолғап шеберлері Шанхайда (Қытай) өтетін халықаралық турнирге қатысады. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев бұл турнирге жас боксшыларды ала бармақ.

БӨЛІСУ

Қытайдағы бокс бәсекесі 2-9 маусым аралығында өтеді. 7 боксшымыз Шанхай шаршы алаңында бақ сынайды. Олардың қатарында Жасөспірімдер олимпиадасына қатысқан боксшылар және ел Спартакиадасында көзге түскін жас таланттар бар. Ал ересектер құрамы Азия чемпионатынан кейін аз уақытқа демалысқа шыққан.  

Атап айтсақ, Шалқар Айқынбай (49 кило), Нұрбол Қалжанов (56 кило), Саматәлі Төлтаев (60 кило), Талғат Шайкен (69 кило), Нұрбек Оралбай (81 кило), Айбек Оралбай (91 кило) және Дамир Тойбай (+91 кило) қатысады.