Қазақ боксшылары алғаш рет World Boxing ұйымының жарысына қатысады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ боксшылары алғаш рет World Boxing ұйымының жарысына қатысады
Фото ©️ ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымдастыруымен алғаш рет өтетін 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Әлем чемпионаты 26 қазан мен 2 қараша аралығында АҚШ-тың Пуэбло (Колорадо штаты) қаласында өтеді. Оған 30 елден 180 боксшы қатысады деп күтілуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Қазақстан командасы келесі құраммен АҚШ-қа аттанaды:

55 келі. Ерасыл Аманғалиев
65 келі. Асылхан Көшербай
70 келі. Диас Серікұлы
85 келі. Даниял Райымбеков

Бапкерлер: Азамат Туямашев, Ержан Шагиров

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBA) құрамында болды. Қыркүйек айында ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді.