Қазақ боксшылар халықаралық жарыста бір-ақ күнде 24 жүлде жеңіп алды

Manas Корреспондент
Manas >
Қазақ боксшылар халықаралық жарыста бір-ақ күнде 24 жүлде жеңіп алды
Фото ©️ СДД

Қазақстандық боксшылар Астанада өтіп жатқан бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирінің ширек финалында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Кеше өткен үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша жартылай финалға 24 боксшы өтті де, кепілді түрде қола жүлдеге ілігіп отыр. 

Олар Асхат Жүсіпов (48 кг), Әли Тохтаров (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Дамир Әбдіқадыр (51 кг), Карим Серкебаев (54 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Тимур Қабдешов (54 кг), Жандәулет Сарсенбаев (54 кг), Махмұт Сабырхан (57 кг), Асылжан Серікбай (57 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Әділет Құрметов (60 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Жандос Қыдыралиев (63,5 кг), Алмат Әбдуәли (63,5 кг), Нұрбек Мұрсал (67 кг), Бахтияр Смағұлов (67 кг), Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Темірхан Тезек (71 кг), Аман Қонысбеков (71 кг), Армат Арманұлы (75 кг), Азамат Бектас (75 кг) және Тимур Нұрсйітов (75 кг). 

Бұған дейін жартылай финалға жеті боксшы өтіп, Қазақстан атынан финалға жолдама үшін жалпы 31 қазақстандық айқасады.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз