Қазақ балуаны Рио Олимпиадасы жолдамасын жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ балуаны Рио Олимпиадасы жолдамасын жеңіп алды
Фото ©️ vk.com

Күрес түрлерінен Лас-Вегаста өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің шебері Досжан Қартықов Рио Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Отандасымыз шешуші белдесуде Әзірбайжан елінің балуанын жеңіп, қола жүлдегер атанды.

БӨЛІСУ

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Досжан Қартықов қазақстандық балуандар арасында бірінші болып 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды. Қазақстандық балуан іріктеу кезеңінде украиналық Дмитрий Пышков, Молдова елінен келген Игорь Бисляганы жеңді. 1/8 финалда Олимпиада және әлем чемпионы оңтүстік кореялық Хенву Кимнен басым түсті. Бар күшін сарқа күрескен Досжан 1/4 финалда ресейлік Олимпиада чемпионы Роман Власовқа ұтылды.

Досжан Қартықов жұбаныш белдесуде 2014 жылғы әлем чемпионы армян Арсен Джулфалакянды ұтты. Нәтижесінде Рио Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Ал қола үшін өткен белдесуде әзірбайжандық Эльвин Мурсалиевті жеңді.

Боз кілемге шыққан Досжаннан өзге балуандар жоғары нәтиже көрсете алмады. 66 келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев 1/4 финалда әлем чемпионы серб Давор Штефанекке ұтылса, 98 келіге дейінгі салмақта Ерұлан Ысқақов бірінші белдесуінде-ақ сүрінді.

Бүгін кілемге шығатын қазақ балуандарының қарсыластары да белгілі. Грек - рим күресінен Алмат Кебісбаевтың (59 келі) қарсыласы Михаил Трац (Польша), Дархан Баяхметов (71 келі) Свилен Костадиновпен (Болгария) жəне Нұрмахан Тінəлиев (130 келі) Эдуард Поппен (Германия) күреседі. Ал 80 келіде Асхат Ділмұхамедов пен Сингх Харприт (Үндістан) белдеседі.

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар.