Қазақ балуаны Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластарын атады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ балуаны Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластарын атады
Фото ©️ olympic.kz

Еркін күрестен Париж Олимпиадасына қатысатын еркін күрес балуаны Әлішер Ерғали өзінің дайындығы, мүмкіндігі туралы журналист Аслан Қаженовке сұхбат беріп, жанкүйерлер көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластарын атады.

БӨЛІСУ

Менің салмағымда Парижде 16 балуан белдеседі. Олардың көбімен осыған дейінгі жарыстарда күресіп үлгердім. Бұл салмақта әлем үздіктері арасында тек Кайл Снайдер мен Ахмед Тажудиновпен қана күреспедім. Бақылап, аяқ алыстарын қарап жүрмін. Садулаев Парижге өте қарқынды дайындалып жатыр. Алайда, оның бару-бармауы әзірге белгісіз. Снайдермен күрескім келеді. Өте мықты балуан. Онымен кілемде кездесу мен үшін өте қызық. Ахмед Тажудиновпен Дағыстантағы оқу-жаттығу жиындарында спаррингте күрестік. Мен үшін өте ыңғайлы балуан», - деді Әлішер Ерғали.

Айта кетейік, Әлішер 97 килоға дейінгі салмақта белдесетін қазақ балуаны. Қазіргі таңда UWW рейтингінде 8-орында тұр.