Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Мерей Мәулітханов чемпион атанды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.
БӨЛІСУ
Грек-рим күресінен 72 кило салмақта сынға түскен Мерей өз салмағында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті.
Одан бөлек, Диас Әскербай (67 кило), Расул Жүніс (77 кило) және Әмір Төлебаев (82 кило) финалда сүрініп, күмісті қанағат тұтты.
Бақдәулет Азамат (97 кило) пен Асылбек Жәнібекұлының (130 кило) еншісінде қола медаль бар.