Қазақ балуаны 1 жылда екі рет әлем чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ балуаны 1 жылда екі рет әлем чемпионы атанды
Фото ©️ ҚР СДД

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 1 жылда екі рет әлем чемпионы атанды. Бұл жолы ол Тиранада (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы бәсекеде топ жарды, – деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Ризабек 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. 97 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Иран елінің балуаны Махди Морафадан айласын асырды. Қарсыласын шешуші белдесуде 11:6 есебімен жеңіп шықты.

Отандасымыз финалға дейін 3 балуанды жеңіп шықты. Алғашқы белдесуінде Канада елінің балуанын 11:0 есебімен уақытынан бұрын ұтты. Ал ширек финалда Беларусь спортшысын да 10:0 есебімен жеңді. Ал финалға шығар сында ресейлік Шамил Гаджиалиевті 7:4 есебімен жарыс жолынан шығарды. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан - ересектер және жастар арасында чемпион атанған тұңғыш қазақ балуаны. Ол 2023 жылы Белградта алтын алған еді. Ал биыл Понтеведрада (Испания) 20 жасқа дейінгі балуандар арасында да чемпион болған. Осылайша, 1 жылда екі рет әлем чемпионы атанып отыр.