Қазақ балуандары Оңтүстік Кореяда 6 жүлде жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ балуандары Оңтүстік Кореяда 6 жүлде жеңіп алды
Фото ©️ olympic.kz

Күрес түрлерінен Оңтүстік Кореяның Санджу қаласында ұйымдастырылған Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста 6 медаль еншілеп қайтты, - деп хабарлайды msports.kz сайты.

БӨЛІСУ

Халықаралық жарыста 76 келіге дейінгі салмақта күрескен Эльмира Сыздықова алтын медаль иегері атанды. Қалған 5 жүлдені грек-рим күресінің балуандары жеңіп алды. 

Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәтижесінде күміс медаль иеленді.

Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта) және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.