Алматының «Қайрат» футбол клубының негізгі құрам ойыншыларының денсаулығын қадағалайтын бас дәрігері Алексей Левин қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.
Алексей Левин еліміздегі білікті мамандардың бірі. Көп жылдардан бері спорт саласында ойыншылардың денсаулығын қарап келеді. Алдағы уақытта дәрігер өз жұмысын еліміздің өзге клубында жалғастырмақ. «Қайрат» футбол клубының ұжымы бас дәрігердің алдағы жұмысы мен өміріне сәттілік тілеп, жылы шыраймен шығарып салды. Сонымен қатар, клуб ойыншыларының қолы қойылған естелік жейде сыйлады.
Клубтың ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, Алексей Левиннің орнына ресейлік дәрігер Александр Родионов келген. Ол осыған дейін Грозныйдың «Терек» клубында қызмет атқарған екен.
Сурет: fckairat.kz