Жаңа футбол маусымын сүреңсіз бастаған Алматының "Қайрат" клубының бас жаттықтырушысы ауысуы мүмкін. Қазір команданы жаттықтырып жүрген Кахабер Цхададзенің орнына ресейлік маман Владимир Мұханов келуі әбден ықтимал, - деп жазады Kazfoоtball.kz.
Алматылық команда кеше өз алаңында Павлодардың "Ертісімен" тең түсті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Нәтижесінде "Қайрат" төртінші ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді. Мамандар команданың бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзенің қызметінен кетуі мүмкін екенін топшылап отыр. Бұл қызметке бүгінде Көкшетаудың "Оқжетпес" клубын жаттықтырып жүрген Владимир Мұханов келуі мүмкін екен.
Айта кетейік, Кахабер Цхададзе "Қайрат" командасының тізгінін 2016 жылдың сәуір айында ұстаған еді. Ол командамен бірге ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Ел кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
Қазіргі таңда "Қайрат" 7 ұпаймен турнирлік кестеде 5-орында келеді.