Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкерлігіне үміткердің есімі белгілі болды. Ол - словакиялық Владимир Вайсс. Алайда, клуб пен маман арасында келісім-шартқа әлі қол қойылған жоқ. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев арнайы осы шара үшін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Келісім-шарт 3 жылға ұсынылған, әзірге оның шарттары қарастырылуда. Владимир Вайстың айтуынша, «Қайрат» командасының ойыны мен дайындалатын базасы ұнаған екен. Словакиялық маман алдағы уақытта алматылық клубты турнир кестесінің жоғары сатысына көтеремін деп уәде берген көрінеді.
Владимир Вайсс кезінде «Чехия» мен «Словакия» клубтарында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, 2005-2006 жылдары «Артмедия» футбол клубын басқарып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне дейін жеткізген.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: ru.uefa.com