"Қайратты" неміс маманы жаттықтырады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Қайратты" неміс маманы жаттықтырады
Фото ©️ Prosports.kz

Алматының "Қайрат" футбол клубы бас жаттықтырушы Карлос Алос Феррерді қызметінен босатты. Команда тізгінін алдағы уақытта неміс маманы ұстайды. Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз жиыны кезінде клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев хабарлады.

БӨЛІСУ

Испан маманы алматылық командаға 2017 жылдың жазында бас жаттықтырушы болып тағайындалды. Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесі мен ҚР Кубогын жеңіп алды. Ал оған дейін Шымкенттегі "Оңтүстік" академиясында 2 жыл қызмет атқарған.

- Бүгін Феррермен ресми түрде келісімшартты үздік. Ол алға қойған тапсырманы толықтай орындай алмады. Мықты маман, бірақ аздап тәжірибе жетіспегендей. Одан өзге тілдесу жағынан да қиындықтар болды.

Соңғы жылдары жастардың танылуына жағдай жасап келеміз. "Қайрат" дамудың жаңа бағытына бет бұрып келеді, - деді Қайрат Боранбаев.

"Қайратты" жаттықтыратын неміс жаттықтырушысының есімі әзірге белгісіз. Ресми түрде 15 қараша күні жариялайтын болады.

- Біз бүгін Германия ұлттық құрамасының бапкері кеңесшісімен келісімге қол қойдық. Ол 19 жасқа дейінгі Германия жастар құрамасында жұмыс жасаған. Ол академия командасына кеңес береді. Неміс футболы біздікіне ұқсайды деп ойлаймын. Қатты қызық болмаса да, нәтижесі мол.

Егер Феррер бірінші орын алғанда қызметінде қалдырған болар едік. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты бір адам ғана кінәлі деп айта алмаймыз. Жаңа жаттықтырушыны таңдап та үлгердік. "Қайратты" неміс маманы жаттықтырады. Ол командадағы жұмысын маусым аяқталысымен бастайды.

Командада бас жаттықтырушы қызметін уақытша Андрей Карпович атқарады. Кезінде танымал футболшы болған тәжірибелі маман. Оның алдында Қазақстан кубогын ұту мақсаты тұр, - деді Боранбаев.

Баспасөз жиыны кезінде Қайрат Боранбаев жанкүйерлерді толғандырып жүрген түрлі сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, футболдан ел премьер-лигасының аяқталуына 5 тур қалды. Алматылық команда көш басындағы "Астанадан" 10 ұпайға қалып келеді.