Алматының "Қайрат" футбол клубының қатарын норвег шабуылшысы Чума Анене толықтырды. Бұл туралы команданың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев "instagram" желісіндегі парақшасында хабарлады.
БӨЛІСУ
Чума Анене "Қайратқа" "Амкар" командасынан ауысып келіп отыр. Ол ресейлік командада екі маусым ойнап, 24 ойында 2 гол соққан. "Спорт-Экспресс" ақпараты бойынша алматылық команда "Амкарға" жарты миллион еуро төлеген. Ал футболшының ресейлік командамен келісімшарты алдағы жазда аяқталады екен.
Шабуылшы командада 21 нөмірмен ойнайды. Екіжылдық келісімшартқа қол қойған. Сәтті ойнап жатса, келісімшарт мерзімін тағы бір маусымға ұзартатын болады.