Қайрат Тұрлыханов - Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қайрат Тұрлыханов - Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті

Катардың Доха қаласында өткен Азия ауыр атлетика федерациясының (AWF) кезекті отырысының қорытындысы бойынша, бірқатар азаматтар басшылыққа тағайындалды. Төрт жылда бір рет өтетін сайлау шарасында Қазақстан ауыр атлетика федерациясын көп жылдар бойы басқарып келген Қайрат Тұрлыханов Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болып сайланды. Бұл туралы ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Дохадағы жиында Азия ауыр атлетика федерациясының президенті болып катарлық Мұхаммед Әл-Ман қайта сайланды. Ал бас хатшы болып Мұхаммед Жалу бекітілсе, бірінші вице-президент қызметіне тайландық Бусаба Иодбангтой тағайындалды.

Қайрат Тұрлыханов кандидатурасын 23 адам қолдаса, 16 адам қарсы дауыс беріпті. Отандасымыздан бөлек, дәл осындай қызметке Шахрилло Махмудов (Өзбекстан), Цянь Гуанцзянь (Қытай), Жиши Салман (Сауд Арабиясы), Чой Сун Ен (Корея), Абдулла Жармал (Иемен) сынды азаматтар да сайланды.

ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Кәмила Тортаева мен спорттық директоры Димаш Сұлтанов та AWF комиссиясының мүшесі болып сайланды. Ал атқарушы директор Омар Мұстафин болса Азия ауыр атлетика федерациясының маркетингтік комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

Бұлардан өзге, атқарушы кеңестің сайлау қорытындысы бойынша Азия ауыр атлетика федерациясының Атқарушы кеңесі, Техникалық комитеті, Бапкерлер және ғылыми-зерттеу комитеті, Медицина комитетінің мүшелері де таңдалды.

Сурет: prosportkz.kz