Алматының «Қайрат» футбол клубы Словакия ұлттық құрамасының қорғаушысы Лукаш Тесакпен толықты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.
Лукаш Тесак мен клуб 2+1 жүйесі бойынша келісімге келген. Футболшы кәсіби спорттық мансабын Жьяр-над-Грон қаласының «Дубница» клубында бастаған. 2005 жылы «Жилина» клубына ауысып, онда 3 жыл ойнаған. Бір маусым «Римовска-собота» клубында жалда ойнаған. Кейіннен футболшы «Сенница» және «Татран» клубтарында ойнаған. 2010 жылы Луганскінің «Заря» клубына ауысқан. Араға 2 жылы сала Мәскеудің «Торпедо» клубына ауысып, капитан қызметін атқарған. Соңғы рет Туланың «Арсеналында» ойнаған.
Словакия ұлттық құрамасы сапында екі ойынға қатысқан. Бірінші ойынын 2015 жылдың күзінде Испания құрамасына қарсы өткізген.