Футболдан Алматының «Қайрат» футбол клубы бразилиялық жартылай қорғаушы Сержио Рикардо дос Сантос Жуниормен (Сержиньо) толықты. Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі үш жылға жоспарланып отыр.
24 жастағы жартылай қорғаушының «Қайрат» қатарына қосылғанын клубтың ресми сайты хабарлап отыр. Сержиньо алматылық ұжым сапында 22-ші нөмірмен көрсететін болады.
Сержио Рикардо дос Сантос Жуниор (Сержиньо) «Қайратқа» дейін Бразилияның «Сантос», «Оэсте», «Ред Бул Бразил» және «Палмейрас» клубтарында ойнаған. Негізінен «Сантос» клубының түлегі. Немістің Transfermarkt.de порталы футболшының құнын 440 мың евроға бағалап отыр.
Бір қызығы «Қайрат» сапына қосылған Сержиньо ел премьер-лигасындағы ең бойы аласа ойыншы атанды. Оның бойы – 166 сантиметр, ал салмағы – 57 келі екен. Осыған дейін ел біріншілігіндегі ең аласа ойыншы Азат Ерсәлімов (166 сантиметр, «Ертіс») болатын.
Туған күні, айы, жылы:
3 желтоқсан 1990, Сантос (Бразилия)
Бойы:
166 см.
Алаңдағы орын (ампула):
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы/шабуылшы
Спорттық мансабы:
2010 ж - «Сантос»
2010 ж - «Ред Булл Бразил»
2011-2013 жж - «Оэсте»
2013-2014 жж (уақытша) - «Палмейрас»
2014 ж - «Оэсте»
Жетістіктері:
«Ред Булл Бразил»:
АЗ сериясыны чемпионы (2010ж)
«Оэсте»:
«С» сериясының чемпионы (2012 ж)
«Палмейрас»
«В» сериясының чемпионы (2013 ж)
Сурет: fckairat.kz
Оқи отырыңыз