Алматының «Қайрат» футбол клубы Түркиядағы кезекті оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Клуб соңғы ойынында Молдованың «Милсами» командасын жеңді.
БӨЛІСУ
Алматылық ұжым қарсыластарын екі доп басымдығымен ұтты. Бірінші голды Виталий Ли баспен соқса, екінші голды Жерар Гоу өз еншісіне жазды.
«Қайрат» осыған дейін Боснияның «Сараево» клубын 3:1, Молдованың «Зимбру» клубын 2:0 есебімен жеңген еді.