"Қайрат" неміс шабуылшысын қатарына қосты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
"Қайрат" неміс шабуылшысын қатарына қосты
Фото ©️ fckairat.kz

Алматының "Қайрат" футбол клубы неміс шабуылшысы Штрели Мамбамен екіжылдық келісімге келді. Бұл туралы команда ресми сайтында хабарлады.

БӨЛІСУ

Өткен жылы ел чемпионы атанған "Қайрат" биыл Чемпиондар лигасына қатысады. Қазірден бастап құрамын күшейткелі жатыр. Алғашқылардың бірі болып неміс шабуылшысы қатарға қосылды.

Штрели Мамба 1994 жылы Геппингенде (Германия) дүниеге келген. Шабуылда орталық алаңда ойнайды. Сондай-ақ екі қапталдан да шабуылдай алатын қабілетке ие. Жасөспірім кезінде "Штутгарт", "Карлсруэ", "Кайзерслаутерн" және т.б. клубтарда ойнаған.

Кәсіби мансабын 2013 жылы "Хомбург" клубы сапында бастаған. "Гёппинген", "Грюнбах", "Фрайберг", "Зандхаузен" және "Энерги" клубтарында доп тепкен. "Қайратқа" екінші Бундеслигадағы "Падерборн" клубынан ауысып келді.

2019/2020 жылғы маусымда "Падерборн" клубы сапында 24 ойынға қатысып 5 гол соққан, 2 нәтижелі пас берген. 18 ойында негізгі құрамда алаңға шыққан.

Мансабында Германия әртүрлі лигасында 199 ойынға қатысып, 65 гол соққан.

Шабуылшы мен команда арасындағы келісімшарт уақыты 2 жылға жоспарланған.

Айта кетейік, осыған дейін спорт басылымдары "Арсеналда" ойнаған Яя Саного да алматылық клуб қатарын толықтыруы мүмкін екені жайлы жазған.