Қазақстан Республикасы велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов негізгі жұмысының қауырт болуына байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы еліміздің велоспорт федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
- Әлемдегі экономикалық жағдайларға байланысты Ұлттық банктің алдында маңызды мақсаттар мен ауқымды істер бар. Оның барлығы қырағылық пен барынша қадағалауды қажет етеді. Сондықтан мен бар күш-жігерім мен назарымды қоғамдық жұмыстарға емес, негізгі қызметіме бұрғанды жөн санадым, - депті Қайрат Келімбетов.
ҚР велоспорт федерациясының жаңа президенті федерацияның жақында өтетін есеп беру және сайлау конференциясында сайланатын болады. Ал Қайрат Келімбетов болса, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметін жалғастыра беретін болады.
Сурет: remarka.kz