«Қайрат» қазандық «Рубинді» қапы қалдырды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
«Қайрат» қазандық «Рубинді» қапы қалдырды

Алматылық «Қайрат» командасы Қазан қаласында жергілікті «Рубин» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

«Қайрат» командасы Қазан қаласына Самат Смақов, Аслан Дарабаев, Ермек Қуантаев, Бауыржан Исламхан, Марк Гурман, Станислав Лунин сынды негізгі құрамдағы футболшыларсыз аттанған болатын. Аталған футболшылар ұлттық құрама сапында Қырғызстан, Латвия құрамаларына қарсы ойындарға шақыртылуы себепті бұл ойынға қатыса алмады. Жартылай қорғаушы Артур Едигарян да бұл ойыннан сырт қалды. Ол Армения құрамасы сапында алдағы ойындарға қатысатын болады. Негізгі құрамдағы серке ойыншылардың жоқтығына қарамастан алматылық ұжым сәтті өнер көрсетті. «Қайрат» командасынан Зәуірбек Плиев пен Михаил Бақаев мергендік танытса, қазандық клубтан Тарас Бурлак көзге түсті.

Футбол. Жолдастық кездесу

«Рубин» (Қазан) – «Қайрат» (Алматы) - 1:2 (0:0)

Голдар: Бурлак - Плиев, Бақаев

«Рубин»: Фильцов, Камболов, Бурлак, Гетигежев, Сафеев, Георгиев, Карлос Эдуардо, Ливайя, Дядюн, Девич, Портнягин

Қосалқы құрам: Малолетков, Давлатов, Кибардин, Зайцев, Куклев

«Қайрат»: Хомич, Плиев, Кислицын, Маркович, Бақаев, Қуат, Барбоса, Советов, Байтана, Ортега, Ли

Қосалқы құрам: Ткачук, Рудосельский, Таипов, Оразаев, Гоу, Балтабаев, Райымбек

Төрешілер: Небогатиков, Ильясов, Коваленко (бәрі де - Қазан)

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz