Қайрат қайраттылық танытты

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Қайрат қайраттылық танытты

56 келі салмақта өнер көрсететін отандық былғары қолғап шеберіміз Қайрат Ерғалиев румыниялық Николае Андреянмен жұдырықтасқан болатын. Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының алтыншы күні жалғасын табуда.

БӨЛІСУ

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Қайратқа сыйлады. Николае белсенділік танытып, қорғаныста сауатты өнер көрсеткенмен, бірақ, жеңіске бастар тура жолдан табыла алмады. Қайрат сол уақытта ашық шабуылымен, ылдым жылдым ойынымен қарсыласын қапыда қалдырып кетті.

Ертеректе 49 келі салмақта Біржан Жақыпов ресейлік Белик Галановты тізе бүктірген еді. Жақыповтың келесі қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дұсматов болмақ. Ол аталған салмақта Мукетси Лекгетходан (Ботсвана) айласын асыра алған ды.

Естеріңізге сала отырсақ, кешегі күні шаршы алаңға Антон Пинчук (91 келі) пен Ілияс Сүлейменов (52 келі)Мерей Ақшалов (64 келі) сынды жігіттер шықты.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: vesti.kz