"Қайрат" қарсыласын аямады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Қайрат" қарсыласын аямады

Футзалдан УЕФА кубогының элиталы кезеңінде бақ сынап жатқан алматылық "Қайрат" екінші кездесуінде босниялық "Тангоны" 9:0 есебімен ойсырата жеңді. Дәл осындай есеппен кеше де жерлестеріміз жеңіске жеткен болатын. 

БӨЛІСУ

«Танго» — «Қайрат» 0:9 (0:4)
Гол: Жоан 10, Бетао 14, Лео 16 пенальти, 38, Лео Сантана 17, Пенгрин 22, Барон 24, Фумаса 33, Жаманқұлов 37
Ескертулер: Юсич 10, Танаскович 17, Джудерия 25
«Танго»: Делехасанович, Чампара, Юсич, Радмилович, Эрич, Хасанспахич, Генго, Иконич, Танаскович, Джудерия, Сипович, Гушо, Новоселац
«Қайрат»: Игита, Сүлейменов, Лео Сантана, Фумаса, Жоан, Халявин, Жива, Эулер, Жаманкулов, Пенгрин, Лео, Мораэс, Барон, Бетао

24 қарашада "Қайрат" - "Тұлпар", "Витэн" — "Танго" кездесулері өтеді. Топта бірінші орын алған команда ғана төрттік финалға шығады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz