«Қайрат» футзал клубы Троицкіде өтіп жатқан Еременко кубогының жартылай финалына шықты. Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын қазақстандық клуб Беларусь елінің «Столица» клубын 4:0 есебімен ұтты.
БӨЛІСУ
Бірінші ойында «Қайрат» Ресейдің «Дина» командасынан 4:2 есебімен басым түскен еді. Бүгін «Столицаны» 4:0 есебімен жеңуінің нәтижесінде жартылай финалға шықты. Команда сапында Хоссейн Тайеби мен Пауло Энрике Кабреуба-Зонардо бір-бір голдан соқса, Михаил Першин дубль жасады.
«Қайраттың» жартылай финалдағы қарсыласы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, «Қайрат» Еременко кубогында екі рет жеңімпаз атанған. 2014 және 2016 жылдары жеңіс тұғырынан көрінген болатын.