Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев тамыз айында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан іріктеу турнирінде отандасымыз қосымша жолдамаға таласта жеңіске жетті.
БӨЛІСУ
56 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қосымша жолдамаға таласта филиппиндік Марио Фернандесті жеңді. Төрешілер 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы Қытайдағы іріктеу турнирінде 5 жолдама жеңіп алған болатын.