Алматының «Қайрат» футбол клубы Бауыржан Исламхан және Исламбек Қуатпен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы команда басшысы Қайрат Боранбаев «twitter» желісіндегі парақшасында жазды.
БӨЛІСУ
- Исламбек Қуат пен Бауыржан Исламхан командада 2019 жылға дейін қалады, - деп жазды.
Айта кетейік, Бауыржан Исламхан мен Исламбек Қуат алматылық клубта 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
«Қайрат» осыған дейін ресейлік ойыншы Андрей Аршавинмен келісімшартын ұзартқан болатын.