"Қайрат" Алматыда АЗ Алкмаарды 2:0 есебімен ұтты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
"Қайрат" Алматыда АЗ Алкмаарды 2:0 есебімен ұтты
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында "Қайрат" Нидерландының АЗ Алкмаар командасын 2:0 есебімен ұтты.

БӨЛІСУ

Ойындағы алғашқы гол бірінші таймда соғылды. 12 минутта Адринсеола Эсеола алаң ортасынан бастап қарсыластарын алдап, гол соғып көзге түсті. Оның тепкен добы АЗ қақпашысы Марко Бизоттың ауынан өтіп, қақпа торында тулады.

Екінші голды "Қайрат" 50 минутта соқты.  Адринсеола Эсеола өзіне берілген зор мүмкіндікті сәтті пайдаланып, дубль жасады. Алматылық клуб ойыншыларында тағы бірнеше гол соғатын мүмкіндік болған. Алайда бірде қақпадан қиыс кетсе, бірде қақпашы қайтарып қалды.

Қос команда арасындағы ойын бір аптадан кейін Нидерланд жерінде өтеді.