Катар стадиондарына желдеткіш орнатылмақ

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
BAUKENTI ZHAQSYMBET>
Катар стадиондарына желдеткіш орнатылмақ

2022 жылы футболдан әлем чемпионаты Катарда өтетіні күллі жұртқа аян. Осы бір жауапкершілікті талап ететін жарысты үлкен дәрежемен өткізуге елі барын салуда. Катарлықтар өздерінің 40 мың көрермен сыятын «әл-Райян» атты стадиондарының үлгісін шығарып та үлгерді. Бұл елдегі салынып жатқан стадиондардың дизайны ерекше болмақ. Тіпті жасыл алаңда доп тебетін ойыншылар мен, арнайы командасына қолдау көрсетуге келген жанкүйерлердің аптап ыстықта өздерін жайлы сезіну үшін әр алаңға желдеткіштер орнатылмақ.