Катар әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Катар әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын өз елінде өткізу құқығын иеленген Катар елі бұл мәртебеден айырылуы мүмкін. Дауыс беру әділ өтті деп бағаланғанмен, жемқорлыққа жол берілді деген сыбыстар мен дәлелдер шыға бастады.

БӨЛІСУ

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өз тарихында ең үлкен даулы мәселенің ортасында қалуға таяу. Ұлыбританиялық The Sunday Times газетінің кеше шыққан санында, Катар елінің атқамінерлері қомақты қаржының арқасында өз елінде «мундиальды» өткізуге мүмкіндік алғаны туралы жазылды. Сонымен қатар, ФИФА-ның вице-президенті Джим Бойс та істің анық-қанығы дәлелденер болса, 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел қайта дауыс беру арқылы анықталатынын хабарлады.

ФИФА-ның бас прокуроры Майкл Гарсия Катардың бұл құқыққа ие болуын аталған ұйымның бұрынғы атқарушы комитетінің мүшесі болған Мохамед бин Хаммам есімімен байланыстыруда. Оған дейін Азия футбол федерациясының президенті де болған катарлық шенеунік өз елінің жеңіске жетуі үшін ФИФА-ға 5 миллион доллар көлемінде қаржы «сыйлаған». Сонымен бірге, өзге де дауыс берушілердің жеке шоттарына ақша аударған көрінеді. Ал өз кезегінде, Йозеф Блаттер (ФИФА президенті) Катар елін таңдау – қателік болғанын кеш мәлімдеді. Осыған дейін, қыс мезгілінде-ақ дүбірлі доданы өткізіп жіберуге болады деп келген болатын.

Қазіргі таңда ФИФА-ның вице-президенті Джим Бойс бас прокуроры Майкл Гарсия өз ісін тиянақты орындап, істі дәлелдер болса, дауыс беру рәсімін қайта өткізуге уәде беріп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Катар елі 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын Швейцарияның Цюрих қаласында 2010 жылдың ақпан айында иеленген болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: fifa.com