Кәсіпқой бокстағы мансабын бастаған қазақ әншісі қарсыласын 15 секундта жеңіп шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Кәсіпқой бокстағы мансабын бастаған қазақ әншісі қарсыласын 15 секундта жеңіп шықты
Фото ©️ vk.com

Қазақ әншісі Ибрагим Ескендір кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. "Көк тудың желбірегені" деген әнімен танымал әнші Алматыда өткен бокс кешінде тәжікстандық Расул Самадовты 15 секундта жеңіп шықты.

БӨЛІСУ

Екінші орта салмақта бақ сынайтын боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған болатын. Шаршы алаңдағы шайқас басталысымен Ибрагим қарсыласын бірден соққыларының астына алды. Нәтижесінде тәжікстандық боксшы тізерлеп, жекпе-жекті жалғастыруға қауқарсыз болды.

Ибрагим Ескендір кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Осы айдын басында Мәскеуде қырғыз боксшысы Шерғазы Шақтановты екінші раундта нокаутпен жеңген еді.