2013 жыл қорытындысы бойынша кәсіпқой бокстан барлық салмақ дәрежесіндегі әлем чемпиондарының саны бойынша Қазақстан сегізінші орында келеді. Бұл туралы gorodokboxing.com порталы хабарлап отыр.
Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Геннадий Головкин мен Бейбіт Шүменов WBA-ның супер чемпиондық белбеуіне ие екені белгілі. Дәл осындай нәтиже Ұлыбританияда да бар. Олардың чемпиондары - Карл Фроч пен Рикки Бернс. Ал көшті 11 әлем чемпионымен АҚШ елі бастап тұр. Кейінгі орында - Жапония (8) , Мексика (7), Ресей (4) тұр. Куба, Германия мен Филиппинде 3 әлем чемпионынан бар.
31 желтоқсан күні мексикалық Данте Хардон мен Такаши Миура WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Егер мексикалық былғары қолғап шебері жеңіске жетіп жатса, құрамалардың орны ауысуы мүмкін.
АҚШ: 11 (Бернард Хопкинс, Андре Уорд, Питер Квиллин, Флойд Мейвезер-кішісі, Тиомти Бредли, Шон Портер, Дэнни Гарсия, Ламонт Питерсон, Адриен Бронер, Майки Гарсия)
Жапония: 8 (Такаши Миура, Такаши Учияма, Синсуке Яманака, Томоки Камеда, Дайки Камеда, Акира Иегаши, Ре Миядзаки, Катсунари Такаяма)
Мексика: 7 (Карлос Молина, Мигель Васкес, Джонни Гонсалес, Орландо Салидо, Лео Санта-Крус, Адриан Фернандес, Хуан Франциско Этсрада)
Ресей: 4 (Денис Лебедев, Сергей Ковалев, Руслан Проводников, Евгений Градович)
Куба: 3 (Йоан Эрнандес, Ричард Эйбрил, Гильермо Ригондо)
Германия: 3 (Марко Хук, Роберт Штиглиц, Феликс Штурм)
Филиппин: 3 (Джон Касимеро, Донни Ньетес, Мерлито Сабилло)
Қазақстан: 2 (Бейбіт Шүменов, Геннадий Головкин)
Ұлыбритания: 2 (Карл Фроч, Рикки Бернс)
Ал мына елдерде бір Әлем чемпиондарынан бар: Канада (Адонис Стивенсон), Камерун (Сакио Бика), Қытай (Сюн Чжао Чжун), Доминикан Республикасы (Аргенис Мендес), Ямайка (Николас Уолтерс), Никарагуа (Чоколатито Гонсалес), Панама (Ансельмо Морено), Польша (Кшиштоф Влодарчик), ОАР (Морути Мталене), Испания (Кико Мартинес), Таиланд (Срисакет Рунгвисай), Украина (Владимир Кличко).
Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылмен салыстырғанда Мексиканың алты, АҚШ-тың екі былғары қолғап шеберлері өз атақтарын сақтап қала алмаған.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай