Әйгілі қақпашы Икер Касильяс ағылшынның "Ливерпуль" командасының қатарын толықтыруы мүмкін. Бұл туралы Испанияның AS басылымы жазды.
"Реал" командасында жылдар бойы ойнаған қақпашы соңғы жылдары Португалияның "Порту" командасында өнер көрсетті. Клубпен келісімшарты шілде айында аяқталады. Қазір бұл қақпашыға қызығушылық танытып отырған командалар саны күн санап артуда.
Икер Касильясқа Түркия, Қытай мен Катар елінің клубтарынан ұсыныс түскен. Сондай-ақ "Ливерпуль" командасы да қақпашыны өз қатарларына қосқысы келеді екен.
Айта кетейік, Юрген Клопп жаттықтыратын "Ливерпуль" келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнайды. Ал Касильяс осы турнирде ең көп ойын өткізген қақпашылардың бірі.