Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов (Qazaq Titan) 17 желтоқсан күні кәсіпқой бокстан Латын Америкасы құрлығының UBC Continental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін жеңіп алды, - деп хабарлайды msports.kz.
Кездесу Колумбияның Санта-Марта қаласында өтті. Бұл сында отандасымыз 77 келі салмақ дәрежесінде жергілікті боксшы Александр Монтероссамен (25-18-3) жұдырықтасты. Кездесу 1-раундта-ақ (26 секунд) нокаутпен аяқталды.
|
|
Еске салайық, Алмат Жұманов - Қазақстан Рекордтар кітабына үш мәрте рекорд тіркеген, жалаң қолмен жұдырықтасу спортында АҚШ-тың BKFC лигасымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Аталған лигада қыркүйек айында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 1-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.