Жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичтің (21-0, 13 КО) менеджері Айзек Пич орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) бағыттап, ауыр сөздер айтты.
БӨЛІСУ
"Олар (Жәнібек пен командасын меңзегені) – бокстың масқарасы. Олардың бізге істегені масқаралық (жекпе-жектің шілдеде өтпей қалуы). Біз өкпеліміз және осы үшін жауап бересіңдер, сайтан алғыр", – деді Айзек.
Михайлович те менеджерін қостап, Әлімханұлына қарата:
"Мен сені өлтіремін, тышқақ", – деді.