Футболдан «Америка кубогына» қатысатын Аргентина құрамасының толық құрамы белгілі болды. Бұл туралы елдің футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.
«Америка кубогы» чемпионатына қатысатын 23 футболшының қатарына Карлос Тевес те енген. Естеріңізде болса 2014 жылғы әлем чемпионатына шабуылшы шақырту алмай қалған еді. Бірақ ол кезде құраманы Алехандро Сабелья жаттықтыратын. Ал қазіргі бапкер Херардо Мартино («Барселонаның» экс-бапкері) Карлос Тевеске ұлттық құрамада қайта ойнауына мүмкіндік сыйлады. Туриндік «Ювентус» сапында өнер көрсететін футболшы осы маусымда 46 ойынға қатысып, 29 гол соққан.
Аргентина құрамасы «Америка кубогының» топтық кезеңінде Уругвай, Парагвай және Ямайка құрамаларымен бірге өнер көрсетеді.
Аргентина құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Серхио Ромеро («Сампдория»), Науэль Гусман («Тигрес»), Марьяно Андухар («Наполи»)
Қорғаушылар: Пабло Сабалета, Мартин Демичелис (оба — «Манчестер Сити»), Эсекьель Гарай («Зенит»), Факундо Ронкалья («Дженоа»), Маркос Рохо («Манчестер Юнайтед»), Милтон Каско («Ньюэллс Олд Бойз»), Николас Отаменди («Валенсия»).
Жартылай қорғаушылар: Хавьер Маскерано («Барселона»), Лукас Биглия («Лацио»), Эвер Банега («Севилья»), Фернандо Гаго («Бока Хуниорс»), Анхель Ди Мария («Манчестер Юнайтед»), Эрик Ламела («Тоттенхэм»), Хавьер Пасторе (ПСЖ), Роберто Перейра («Ювентус»).
Шабуылшылар: Лионель Месси («Барселона»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити»), Эсекиэль Лавесси (ПСЖ), Гонсало Игуаин («Наполи»), Карлос Тевес («Ювентус»)
Айта кетейік, «Америка кубогы» ойындары 4 жылда бір рет ұйымдастырылады. Биылғы дода 11 маусым мен 4 шілде аралығында Чилиде өтеді. Ал 2011 жылы Аргентинада өткен чемпионатта Уругвай құрамасы чемпион атанған болатын.