Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов ширек финалда жеңіске жетіп, жеңілген күнде қола жүлдені қанжығаға байлап отыр, деп хабарлайды Массагет.кз.
64 келі салмақта өнер көрсететін Елеусінов Италия елінен келген Винченцо Манчикапрені қабылдады - 30:27, 30:27, 30:27.
Қоса отырсақ, ертеректе Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалына тағы жеті боксшымыз шыққан болатын: Біржан Жақыпов (46 келі салмақ) Пуэрто-Рико өкілі Антони Чакона Риверуді жеңсе, Қайрат Ералиев (56 келі салмақ) сенсациялық түрде Олимпиада чемпионы кубалық Робейси Карразануды тізе бүктірсе, Мерей Ақшалов (64 келі салмақ) қырғыз боксшысы Ермек Сәкеновтің алдын орап кетті, ал Жәнібек Әлімханұлы (75 келі салмақ) румын спортшысы Богдан Джуратониден айналып өте алды. 60 келі салмақта жұдырықтасатын Берік Әбдірахманов венесуэлалық Луис Диаздан басым түссе, Әділбек Ниязымбетов үндістандық Сумит Сангвамен жұдырықтасты... Аса ауыр салмақта бокстасатын Иван Дычко (91 келі салмақ) қарсылассыз жеңіске жетті. Өз кезегінде, Иванның қарсыласының медициналық тексерістен өте алмай қалғанын айта кеткіміз келеді.
Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионаты 26 қазанға дейін жалғасады.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: vk.com