Қанат қайта оралады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қанат қайта оралады
Фото ©️ facebook.com

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам ұзақ уақыттық үзілістен кейін жаттығуын бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

БӨЛІСУ

- Мен AIBA бокс академиясында жаттығу жұмыстарымды бастадым. Қазір қарқынды жаттығып, жекпе-жекке дайындалудамын, - деген боксшы сайтқа берген шағын сұқбатында.

Қазақстандық боксшы осыған дейін шілде айында шаршы алаңға оралатыны жайлы айтқан болатын. Қазақ жанкүйерлері боксшы жекпе-жектерін сағынғаны рас.

"Qazaq" деген лақап атпен танылған қазақ боксшысы 2017 жылдың қыркүйек айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Астанада канадалық боксшы Брендон Кукпен жұдырықтасып, 9 раундта техникалық нокаутпен қарсыласын жеңген болатын. Одан кейінгі жекпе-жегін былтыр 23 маусым күні өткізетіні белгілі болған еді. Алайда отандасымыз жаттығу кезінде жарақат алып, жекпе-жек өтпей қалды.

Қанат Ислам 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 ж) және әлем чемпионатының (2007 ж) қола жүлдегері атанған.