Қанат қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қанат қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтты
Фото ©️ vesti.kz

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам АҚШ жерінде бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта-ақ ұтып шықты.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек басында Қанат қабағынан жарақат алып қалды. Намысты қолдан бермеген «Қазақ» қарсыласын соққылардың астына алып, кездесуді жылдам аяқтады. Бразилиялық қазақ боксшысының жойқын соққыларына бір раунд та шыдас бере алмады.

Кезекті жеңісінен кейін қазақстандық боксшы қазақстандықтарға алғысын айтты. Қанат Исламның сөзінше, оған жарақатына байланысты жекпе-жекті бірден аяқтау керек болған. Осылайша, отандасымыз бірінші раундта бар күшін салып, кездесуді өз пайдасына шешуді тырысты. "Барлығы біз жоспарлағандай болды. Енді бізді Астанада тағы үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Елбасы Астанада EXPO кезінде жекпе-жек өткізуге шақырды. Алғысым шексіз!", - деді қазақстандық боксшы жекпе-жек соңынан.

Айта кетейік, Қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы рейтингтік жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Отандасымыз спорттық мансабындағы 23-ші жеңісіне қол жеткізді.

Уилмингтондағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Рой Джонс (кішісі) канадалық Бобби Ганнды жеңіп, WBF жүйесі бойынша чемпиондық атақты жеңіп алды.