Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол бүгін Эквадордың Кито қаласында колумбиялық боксшы Эмилио Хулио Хулионы тізе бүктірді.
29 жастағы Қанат Исламның бұл кәсіпқой бокстағы 15-ші жеңісі. Осыған дейін 13 кездесуін уақытынан бұрын жеңіп, аяқтаған болатын. Ал бұл жеңіліс 34 жастағы колумбиялық боксшының 29-шы кездесуіндегі 12-ші жеңілісі болып саналды.
Қазіргі таңда Қанат Ислам WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы) тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedecaribe (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) титулының иегері. Промоутері – «Nelsons» компаниясының менеджері Нельсон Мендес.
Қазақстандық былғары қолғап шебері келесі он алтыншы кездесуін 14-ші желтоқсанда Майами (АҚШ) қаласында өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: facebook.com