Мұхиттың арғы жағында кәсіпқой бокстан еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген былғары қолғап шеберіміз Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды.
Жерлесіміздің келесі қарсыласы Колумбия елінің боксшысы Эмелио Хулио-Хулио болмақ. Ол осы уақытқа дейін кәсіпқой бокстың рингінде отыз үш кездесу өткізген. Оның 26 жеңіске жетсе (19 нокаутпен жеңген), 10 кездесуінде жеңіліс тапқан. Ал алған екі жекпе-жегі тең аяқталған екен. Эмелио соңғы кездесуін 2012 жылдың аяғында аргентиналық боксшы Хавьер Франсиско Маскиельмен өткізіп, жеңіліс тапқан.
Ал қазақ боксшысы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокстың шаршы алаңына сегіз мәрте шығып, барлығында да айқын басымдылықпен жеңіске жеткен.
Айта кетейік, ертеректе Қанаттың промоутері Нельсон Лопес боксшының кезекті кездесуі АҚШ жерінде өтеді деген болатын. Дегенмен Ислам келесі кездесуін 26 сәуір күні Эквадор астанасы Китода өткізетін болып шықты.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz