ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегі мен оның өтетін уақыты туралы хабарлады.
БӨЛІСУ
- Біз онымен Астанада жекпе-жек өткізу туралы осыған дейін келіскен болатынбыз. Бокс кешін ұйымдастыратын промоутерлік компания бұл кеште кімдер жұдырықтасатыны туралы келіссөздер жүргізуде. Біз 9 қыркүйекте Астанада Қанат Исламның жекпе-жегін өткізгіміз келеді, - деді министр.
Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы бокс кешіне Жанқош Тұраров пен Жанат Жақияновтың қатысуы мүмкін екенін де айтты.