Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) 20 ақпан күні шаршы алаңға шығады. Бұл жайында боксшының BoxRec сайтындағы ақпараттық бетінде хабарланды.
БӨЛІСУ
Жекпе-жек кеші Майамиде өтеді деп жоспарланған. Ал қарсыласы кім болатыны белгісіз. Қазір Қанат АҚШ-та жаттығу жасап, жаттықтырушысы Роджер Ромамен дайындығын шыңдауда.
Қазақстандық боксшы 2020 жылдың қазан айында шаршы алаңға шығады деп күтілген еді. Бірақ қарсылас табылмаған-ды.
Қанат Ислам жұдырықтаспағалы 1 жылдан асты. Соңғы рет 2019 жылдың 26 қазанында Алматыда намибиялық боксшы Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен ұтқан болатын.