Қанат Ислам шаршы алаңға қашан оралады?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қанат Ислам шаршы алаңға қашан оралады?
Фото ©️ massaget.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

БӨЛІСУ

"Qazaq" деген лақап атпен танылған қазақ боксшысы өткен жылдың қыркүйек айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Астанада канадалық боксшы Брендон Кукпен жұдырықтасып, 9 раундта техникалық нокаутпен қарсыласын жеңген болатын. Одан кейінгі жекпе-жегін биыл 23 маусым күні өткізетіні белгілі болған еді. Алайда отандасымыз жаттығу кезінде жарақат алып, жекпе-жек өтпей қалды.

- Мен жақында ғана жарақатымнан айықтым. Жаттығуымды бастадым. Наурыз айында шаршы алаңға оралуды жоспарлап отырмын.

Қазіргі таңда ұйымдастырушылық жұмыстармен қолым босамай жүр. 13-16 желтоқсан күндері "Astana Arlans" жанкүйерлері арасындағы жарыстан кейін Бақтияр Артаевпен бірге үлкен бокс кешін ұйымдастырамыз. Біздің мақсат - отандық кәсіпқой боксты дамыту, - деген Қанат Ислам.

Айта кетейік, Қанат Ислам 2 011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 ж) және әлем чемпионатының (2007 ж) қола жүлдегері атанған-ды.