Кәсіпқой бокста қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген отандасымыз Қанат Ислам бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағын қорғап қалды. Отандасымыз Колумбияда жергілікті боксшы Орландо Хесус Эстраданы жеңді.
Қанат Исламмен жұдырықтасқан Орландо Хесус Эстрада бірінші орта салмақ боксшылары арасындағы рейтингте 354-ші орында болатын. Осыған дейін 19 жекпе-жек өткізген. Оның 11-інде ғана жеңіске жеткен. Біреуінде тең түссе, қалған кездесулерінде жеңіліс тапқан. Ал Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 19-шы кездесуінде 16-шы жекпе-жегін мезгілінен бұрын аяқтады.
Қанат Ислам мен Орландо Хесус Эстрада арасындағы жекпе-жек төрт раундқа ғана созылды. Отандасымыздың сол қолымен сілтеген жойқын соққылары қарсыласын бет қаратпады. Нәтижесінде бас қазы кездесуді тоқтатып, қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.
Айта кетейік, 30 жастағы отандасымыз келесі кездесуін АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр.
Cурет: allboxing.ru
Оқи отырыңыз
Геннадий Головкин жұдырықтасқысы келетін 5 боксшы
Головкин мен Монро ресми баспасөз жиынын өткізді (видео)
Вилли Монро: «Головкин қорғануды білмейді»
GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді