Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Майамиде спорттық мансабындағы жиырмасыншы жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз Доминикан Республикасының боксшысы Джонатан Батистаны бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.
Он раундқа жоспарланған жекпе-жек 2 минутқа ғана созылды. Ширақ қимылдаған Қанат Ислам қарсыласын бірден соққының астына алды. Джонатан Батиста қазақстандық боксшының жойқын соққыларына төтеп бере алмады. Нәтижесінде отандасымыз 20-шы кездесуін мезгілінен бұрын аяқтады. Сондай-ақ, «WBA Fedelatin» атағын қорғап қалды.
Айта кетейік, кеше Жанат Жақиянов Йонфрес Парехоны (17-1-1, 8 КО) ұпай айырмасымен жеңіп, жеңіл салмақта WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.