Қанат Ислам чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік беретін жекпе-жектен бас тартты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қанат Ислам чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік беретін жекпе-жектен бас тартты
Фото ©️ Vesti.kz

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Қанат Ислам (25-0, 20 КО) осы салмақта WBA чемпиондық белбеуіне міндетті қарсылас атануы үшін өтуі керек болған америкалық боксшы Джон Верамен 18-0, 11 КО) кездесуден бас тартты. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне америкалық боксшының командасының өкілі айтқан.

БӨЛІСУ

Vesti.kz сайты хабарлған дереккөз айтуынша, Қанат Исламның командасына барлық сұраған қаржыны беруге дайын болған екен. Бірақ қазақстандық боксшы бұл ұсынысты қабыл алмаған. Дегенмен де Қанат Исламның нақты не себептен жекпе-жектен бас тартқаны туралы ақпарат жарияланған жоқ. Қазір Джон Вераның командасы WBA шешімін күтіп отыр екен.

Еске салайық, 21 қараша күні ұйым екі боксшының командасына жекпе-жекті ұйымдастыруға бір ай уақыт берген болатын. Қай жеңгені осы салмақтағы суперчемпион Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсыласы атанатыны туралы да айтылған.

Ал бұған дейін Джон Вераның командасы Қанат Исламның командасымен келіссөз басталғаны туралы хабарлаған еді. Өз кезегінде қазақстандық боксшы да жуық арада екі кездесу өткізетінін айтты. Оның бірі жуық арада АҚШ-та өтсе, екіншісі мамыр айында Астана қаласында өтетінін хабарлады.