Қанат Ислам Қазақстанда чемпиондық кесдесу өткізгісі келетінін айтты.
"Биыл төрт немесе бес жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Астанада немесе Алматыда чемпиондық кездесу өткізуім мүмкін. Менің салмағымда мықты боксшылар көп, олардың ішінде Мигель Котто, Сауль Альваресті атар едім", − деді Қанат Ислам.
Боксшы жекпе-жектің ешқайсысы оңай болмайтынын айтты. "Ең ауыр кездесуді мен Эквадорда өткіздім. Таулы жер болғандықтан рингте тез шаршап қаласың. Он раундтың тоғызына дейін жұдырықтастым. Мойындау керек, өте ауыр болды. Жекпе-жекті сәтті аяқтағаныма қуандым", − деді ол.
Айта кетейік, боксшы шаршы алаңға ақпан айында оралады. Оның қарсыласы кім болатыны әзірше белгісіз.
Дереккөз: tengrinews