Қанат Ислам «WBO» рейтингінде үздік бес боксшының қатарына кірді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қанат Ислам «WBO» рейтингінде үздік бес боксшының қатарына кірді
Фото ©️ facebook.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, бірінші орта салмақта бақ сынайтын Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңарған рейтингінде үздік бес боксшының қатарына қосылды.

БӨЛІСУ

Жаңарған рейтингте отандасымыз бесінші орында тұр. Ұйымның бұл салмақтағы чемпионы – мексикалық Сауль Альварес. Сондай-ақ үздік бестікке америкалық Деметриус Андраде, пуэрто-рикалық Мигель Котто, ұлыбританиялық Лиам Уильямс және аустралиялық Деннис Хоган енген.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматыда Патрик Аллотейге қарсы өткізген болатын. 12 раунд қорытындысы бойынша отандасымыз қарсыласынан басым түскен еді.

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-та өткізеді деп күтілуде. Әзірге отандасымыздың қарсыласы белгісіз.