Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «WBO» және «WBA» рейтингінде үздік боксшылар қатарына енді.
Бүкіләлемдік бокс ұйымы («WBO») рейтингінде қазақстандық боксшы 6-орынға көтерілсе, Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы («WBA») рейтингінде 5-орынға шықты. Бұл көрсеткіштер арқылы отандасымыз алдағы уақытта чемпиондық атаққа талас жүргізетін жекпе-жектер өткізуіне зор мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, 29 қазан күні Қанат Ислам Алматыда ганалық боксшы Патрик Аллотейді жеңіп, қазақ жанкүйерлерін қуантқан еді.
Боксшының менеджері Нұрғазы Исмағамбетовтің айтуы бойынша, қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-та өткізуі мүмкін деп күтілуде. Ал қарсыласы – канадалық боксшы Брэндон Кук болуы мүмкін.