Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген отандасымыз Қанат Ислам 1 наурыз күні бірінші орта салмақта «WBA International» белбеуі үшін Мәскеуде жекпе-жек өткізеді.
Қанат Исламның қарсыласы аргентиналық Гуидо Николас Питто арасындағы кездесу «Boxing & Gym Academy» залында өтеді. Аргентиналық былғары қолғап шебері кәсіпқой рингте 19 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
Кездесу 12 раундқа жоспарланған, және орта салмақта «WBA International» атағы сарапқа салынады. Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы барлық кездесуінде жеңіске жеткен.
Дәл осы бокс кешінде Жаңқош Тұраров венесуэлалық Франклин Вареламен (21 — 15(3) -0, 10КО) кездеседі. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 18-кездесуі. Жаңқош та кәсіпқой рингте жеңіліссіз келеді.
Биыл 30 жастағы Қанат Ислам мен 24 жастағы Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокс рингінде төрт жекпе-жектен өткізуді жоспарлап отыр екен. Екеуінің чемпиондық атақ пен белбеу үшін өткізетін жекпе-жектерін мыңдаған жанкүйерлер тағатсыз күтуде. Естеріңізге сала кетейік, екі боксшымыз да – Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің құрлықтық чемпиондық белбеулерінің иегерлері.
Сурет:en.tengrinews.kz
Оқи отырыңыз