Какау ұлттық құрамадағы қызметінен кететінін хабарлады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Какау ұлттық құрамадағы қызметінен кететінін хабарлады
Фото ©️ Kazfootball

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықытрыушысы Какау (Рикардо Камара Собрал) Еуропа чемпионаты аяқталысымен қызметінен кететінін хабарлады. Бұл жайында бразилиялық маман түнде Сербиямен өткен ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.

БӨЛІСУ

Какау жазда Алматының "Қайрат" клубындағы қызметінен де кетпек. Ал оған дейін команданы жаттықтырады. Осыған дейін "Қайратпен" екі рет УЕФА кубогын жеңіп алды.

Бразилиялық маман ұлттық құрамадағы қызметімен екінші рет қош айтыспақ. 2016 жылы жаттықтырушы Қазақстан құрамасын жаттықтырудан бас тартып, тек "Қайратты" жаттықтыру жайында шешім қабылдаған-ды. Араға 1 жыл сала бұл қызметіне қайта оралған-ды.

Какау жаттықтырған тұста Қазақстан құрамасы зор жетістіктерге қол жеткізді. 2015 жылы құрама Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Дәл осы жылы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Чехия, Франция құрамаларын ұтып, Словениямен тең түсті. Нәтижесінде әлем чемпионатына жолдама алды.

2016 жылы Белградта өткен Еуропа чемпионатында сенсация жасады. Алғаш рет қатысып-ақ жүлделі орыннан көрінді. Қола медаль үшін өткен ойында сербтерді 5:2 есебімен ұтты.

Еуропа чемпионаты тарихында бірде-бір құрама екі рет қатарынан жартылай финалға шықпаған. Егер Люблянада тағы жүлделі орыннан көрінсе, жеке рекордын жаңартатын болады.

Қазіргі Қазақстан құрамасының жетістігі – Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып жүлде алған құрама. Сондай-ақ Қазақстан Азия және Еуропа чемпионатында да жүлде алған жалғыз команда.

Люблянадағы жартылай финалда Қазақстан құрамасы Испания мен Украина құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Бұл құрамалардың ойыны бүгін түнде өтеді.